#qyzylordatv

Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы және Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты мүшәйраға қала және аудандардан келген 10 талапкер қатысты. Жас ақындар екі кезеңде сынға түсті. Бірінші «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» тақырыбында шығарған өлеңін оқыса, екінші бөлімде қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арнауын айтты. Жыр бәйгесіне Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі Ғазиза Әбілда, ақын Ақжол Түменбай, қалалық мәдениет үйінің қызметкері Ғабит Кәдірбай қазылық жасап, үміткерлерге бағасын берді. Нәтижесінде шиелілік Бекжігіт Ержан бірінші орынға лайық деп танылса, жаңақорғандық Диас Мұстахим екінші, қызылордалық Ақерке Балман үшінші орынға ие болды.

 БАҒДАТ НАКИПОВ, БЕЛКӨЛ КЕНТІ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \Абай Құнанбаевтың өмірі, өлеңдері, қара сөздері өмірімізге өнеге. Шарамыздың мақсаты ақын туындыларын насихаттап, өскелең ұрпаққа бағыт бағдар беру....\