Бүгін қаладағы оқу орындарының біріне террористік шабуыл жасалды. Қылмыстық топ адамдарды тұтқынға алып, құқық қорғау органдарын аяғына тік тұрғызды. Қарақшылар ақша талап етіп, жеке ұшақ сұратып, шетелге асып өтпек болды. Терроризмге қарсы облыстық жедел штабының жедел-тактикалық оқу-жаттығу сценарийі осылай өрбіді. Күштік құрылым «басбұзарлардың» әрекетіне қалай жауап берді? Елдос Асанның материалында.