Қызылорда қаласының Қазақ елі астанасы болғанына 100 жыл толу мерейтойы мен қала күніне орай сол жағалаудағы «Syr Darya» коммуналдық базары мен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік аймағы ашылды. Жаңа нысандар кәсіпкерліктің жандануына мүмкіндік жасап, облыстың экономикасына тың серпін береді.

Күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдерді тиімді бағада халыққа ұсынатын «Syr-Darya» коммуналдық базарында сұраныс пен ұсыныс бір-бірін адаспай тапты десек те болады. Заманауи форматтағы қолжетімді сауда алаңдарын ұсынатын «Техоснастка Ремсервис» серіктестігінің «Syr Darya» коммуналдық базарын іске қосуға 2 млрд. 574 млн теңге инвестиция құйылды.

СНХ: НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ 00.43

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында жаңа инвестициялық кезеңді бастау өңдеу өнеркәсібі мен кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беру керектігін ерекше атап өткен болатын. Ол

Жалпы ауданы 5 мың шаршы метр болатын бұл сауда алаңының бірінші қабатында азық-түлік, тамақ өнімдері, екінші қабатында киім-кешек сату орындары орналасқан. Жаңа сауда нысаны жергілікті тауар өндірушілерге өнімдерін делдалсыз тікелей өткізуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қаладағы бейберекет базарлар ретке келтіріліп, санитарлық талаптарға сәйкестендіріліп, кәсіпкерлер мен тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалады.

Үкіметтің 2023 жылдан бастап, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қолға алынған бастамаларының бірі – шағын өнеркәсіптік аймақтар құру. Өңірімізде бұл жобалар сәтті жүзеге асырылуда.

«Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік аймағында 8 өндірістік цех жұмыс істейді. Бұл ғимаратта өнімдер өндіріліп қана қоймайды, басқа дүкендерге жөнелтілумен қатар, тұрғындардың осында келіп сауда жасауына да жағдай жасалған. Қазіргі уақытта бұл жерде сүт, нан-тоқаш, шұжық, жартылай дайын өнімдер даярлайтын және кондитерлік цехтар орналасқан.

Екі бірдей кәсіпкерлік нысанның ашылуы аймақ экономикасының дамуына үлес қосып, бизнес иелеріне жаңа мүмкіндік ұсынды. Ең бастысы, қаланың сол жағалауында мұндай нысандардың ашылуы сол маңдағы тұрғындарға ғана емес, жалпы көпшілікке қолайлы. Өйткені мұнда өнімнің қолжетімділігі ғана емес, сапа мен тиімді баға үйлесім тапқан.