Өңірімізде «CREATIVE CARAVAN» облыстық көрмесі өтті. Жалағаш ауданынан бастау алған көшпелі керуен Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында болып, 100-ге жуық ауыл кәсіпкерлері пайдалы дәрістер мен шеберлік сағаттарына қатысты.

Креативті индустрияны дамытып, жергілікті қолөнершілер мен кәсіпкерлерді қолдауға арналған іс-шарада аукцион ұйымдастырылып, «Анаға тағзым» орталығының төл бренді «Өмір иірімдері» тұмары қызу саудаланды. Іс-шара барысында ұлттық өнерді өрістетіп жүрген қолөнер шеберлері марапат төрінен көрінді.