#qyzylordatv

Қазақстан мен Грузия Парламенттері Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта саяси диалогты дамыту, заңнама саласында тәжірибе алмасу жоспарлары қамтылған.

Екіжақты уағдаластық Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Грузияға ресми сапары аясында жүзеге асты. Қазақстандық делегация Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен, сондай-ақ Премьер-министр және Парламент төрағасымен кездесті. Ерлан Қошанов грузиялық әріптесіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы, соның ішінде бір палаталы Парламентке көшу жоспары жайында айтты. Тараптар инвестиция, туризм, өндіріс, агроөнеркәсіп және инновацияларды дамыту бағытында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.