#qyzylordatv
Өңірде адасқан балықшылар құтқарылды. Оқиға Қызылорда қаласынан 75 шақырым жердегі «Балапан» көлінде орын алған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Қолда бар ақпарға сүйенсек, үш ер адам бірлесіп балық аулауға шыққан. Жолда олардың көліктері бұзылып, әбден әбігерге түсіпті. Жапан түзде адасып қалған балықшыларды Іздестіру жұмыстарына дрондар мен кинологиялық топ жұмылдырылып, құтқарушылар нәтижелі жұмыс атқарды. Қазір 3 балықшының да жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Осы жағдайға байланысты төтенше жағдайлар министрлігі елді мекендерден тыс жерлерге шығарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.