#qyzylordatv

Қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Сала мамандарының кәсіби мерекесі елімізде 2011 жылдан бері ресми түрде аталып өтеді. Халыққа адал қызмет етіп, әлеуметтік көмек көрсету ісінде аянбай қызмет етіп келе жатқан мамандарға құрмет қашан да жоғары.

 Кәсіби мереке қарсаңында аймақтағы сала мамандарының бірқатарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің алғыс хаты табысталды. Марапат иеленгендердің қатарында салада 17 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Салтанат Дүйсенбай бар. Жұмысқа тиянақты, тәжірибесі мол маман тұрғындарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау қызметтерін атқарады. «Әр жұмыс күні мен үшін жаңа мүмкіндіктермен қатар, жауапкершілікпен басталады. Жылдар бойы жинаған тәжірибенің арқасында қала тұрғындарына зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы түрлерін уақытылы әрі заң шеңберінде тағайындау қызметін атқарамын» дейді ол.

 САЛТАНАТ ДҮЙСЕНБАЙ – ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

//Әлеуметтік сала – бұл жүрекпен ғана атқарылатын қызмет. Бұл тек кәсіп емес, өмірлік ұстаным. Себебі адам тағдырына бей-жай қарамай қол ұшын созуға дайын болу. Әлеуметтік қорғау саласы үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Әр келген адамның артында тағдыр, өмірлі жағдай, қиындық немесе үміт тұрады. Бірі жасына байланысты зейнетке шықса, енді бірі мүгедектікке байланысты, ал үшіншісі асыраушысынан айрылып, жәрдемақыға жүгінеді. Мұндай сәттерде біздерден тек құжаттарды қабылдап, шешім шығруымызды ғана емес, түсіністік танып, жанашырлықты күтеді ол кісілер біздерден. Мен өз жұмысымда осыны үнемі есте сақтай отырып, адамдарға тек маман емес, адамдардың үмітіне, сеніміне жауапты тұлға ретінде болуға ұмтылдым.//

Салтанат Жолдыбайқызы – ел үшін елгезектік танытып, жұрт дегенде жұмыла еңбек ететін маман. Бұл қызметте жүйелі жұмыс істеумен қатар, көпшілікпен тіл табысып, тыңдай білу маңызды. Жарқын мінезі мен іскерлігі үйлескен маман ұзақ жылдан бері өз міндетін тиянақты атқарып келеді.

ТӨРЕАХМЕТ ЖОЛЫМБЕТОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Ол қызметтік міндеттерін үлкен жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындайды. Қызмет барысында өзін талапшыл, еңбекқор, тәртіпті, ұжыммен тіл табыса алатын маман ретінде өзін көрсетті. Өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі сапалы орындайтын кәсіби біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметші.

 Жауапты салада қызмет етіп, тұрғындарға заң аясында қызмет көрсететін маманның бірі – Қарлыға Болатқызы. Ол әрбір тұрғынның құжатына зерделеу жүргізіп, нақты шешім қабылдайды. Әлеуметтік сала қызметкері де жуырда министрдің алғыс хатымен марапатталды.

 ҚАРЛЫҒА ДОСЖАНОВА – №1 МЕДИЦИНАЛЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда бұл жерде медициналық сараптамада қызмет атқарамын. Кәсіби біліммен қатар бұл жерде неше түрлі тағдырмен келетін адамдарға сенім мен үміт сыйлайтын жүрекпен жұмыс істейтін қызмет деп есептеймін. Әр өтініш білдірген науқас адамға жанашырлықпен қарап, түсінісітікпен қарап, сондай негізделген дәлелді шешім шығаруға тырысамын. Бізге жүгінген әр өтініш иесі бізден ризашылықпен кеткенін қалаймын.Сондықтан мұқият тыңдап, әр науқастың шағымын, назар аударып дегендей, зерделеу жасап, сондай заң аясында шешім шығаруға тырысамыз.

 Әлеуметтік сала жауапкершілік пен тиянақтылықты талап етеді. Бүгінгі кейіпкерлеріміз – кәсіби білімі мен жылдар бойғы тәжірибесі арқылы елге қызмет етуді мақсат еткен жандар. Ал олардың еңбегінің бағасын халықтың өзі береді.