#qyzylordatv
Қазақстан мен Морокко сотталғандарды ұстап беру, қайтару туралы келісімге келді. Енді екі елдің бірінде заңға қайшы әрекетке барғандар жазасын өз елінде өтейді.
Сенат тиісті заңды мақұлдады. Ал сотталған адам елге қайтудан бас тартса, еркінен тыс әкелуге тыйым салынған. Бірақ, саяси астары бар не ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасағандар өз еліне баруға ниет білдірсе де, жазасын сол мемлекетте өтейді.