#qyzylordatv

Сыр өңірінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Іс-шарада тұрғындар құқық қорғау және заң саласы өкілдерінен өзекті мәселелер бойынша тегін заң кеңесін алды.

Бұл бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік органдарға жүгіну үдерісін жеңілдетуге бағытталған. Акция барысында азаматтар бір орталыққа келіп, түрлі сала мамандарынан кеңес алды. Бүгін қабылдауға 100-ге жуық тұрғын жүгінді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі - әлеуметтік даулар, несиеге байланысты шектеулер және алаяқтық фактілері. Мамандар әр өтінішті жеке қарастырып, заң аясында түсініктеме берді.