#qyzylordatv

Облыс орталығында «Жастар саясатының іске асырылуы» мәселесіне арналған жиын болды. Облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жария тыңдауына халық қалаулылары мен тиісті салалық басқарма өкілдері қатысты.

 Іс-шарада өңірдегі жастар саясатын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер туралы айтылды. Жиын барысында қоғамдық даму, облыстық денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, сондай-ақ полиция департаментінің өкілдері өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Жиында облыстық мәслихат депутаттары жастар арасында өзекті мәселелерді шешу бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты.

 РУСЛАН КАЮПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Негізгі жүргізілген мониторингте анықталған мәселе жастар арасында ең өзекті болып табылатыны тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мәселесі бірінші кезекте, екінші кезекте жастарды көп толғандыратыны жұмыссыздық деңгейін азайту, одан кейін бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері, көбіне жастардың көтеретіні, сосын кәсіби бағдарлау, одан кейін жастардың рухани иммунитетін арттыру, ұлттық құндылықтар, дәстүрлер жастардың арасында ең көп көтерілетін мәселелер. Осы анықталған мәселелерге байланысты бізде өзімізде белгіленген алгоритмдерге сәйкес және ұсынымдамаларға сәйкес көтерілген мәселелерді тиісті салаларға жолдап отырамыз және есебін алап отырамыз өзімізге көрсеткіштерге байлансты.