#qyzylordatv
Жергілікті «Қайсар» футбол клубы жеке меншікке өтті. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдетуді тапсырған болатын.
Енді түз тағыларын «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақов тізгіндейді. Жаңа басшылық футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдамақ. Атап айтқанда, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд теңге көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, «Қайсар» легионерлерден бас тартып, тек отандық ойыншыларға сенім артқан елдегі алғашқы команда. Осы маусымда дала қасқырлары 22 ұпаймен турнирлік кестеде 11 орынға тұрақтап, Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.