#qyzylordatv #заңментәртіп
Сырдария ауданында «Халық заңгері» акциясы өтті. «Заң және тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдау алаңында тұрғындар кәсіби заңгерлердің қызметіне тегін жүгінді.
Жер және еңбек дауы, жеткізбейтін тұрғын үй кезегі. «Халық заңгері» алаңына келген тұрғындарды мазалаған басты мәселелер осы. Өз құқығын қорғауды мақсат тұтқан тұрғындар мамандардан тұшымды жауап алуға келген.
,АСЫЛАЙ АЙТМҰРАТОВА - АУДАН ТҰРҒЫНЫ
/Түрлі саладағы мамандар келіп көкейде жүрген сұрағымды қойдым, тұрғын үй кезегіне байланысты, мамандар өте жоғары деңгейде жауап берді. Осындай акциялар жиі ұйымдастырылса екен.//
АБАЙ ӘЛІМБАЕВ – АУДАН ПРОКУРОРЫ
//Бұл акцияның мақсаты – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, байланыс орнату. Сондай-ақ, халыққа тегін құқықтық көмек көрсету және халықтың тұрғындардың құқықтық салауаттылығын арттыру болып табылады. Әр тұрғын өзінің құқығын білетін болса қоғамда тәртіп пен әділдік орнайды. Бұл іс-шараға прокуратура органдарының қызметкерлерінен бөлек, полиция органдары, әділет және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Қабылдауға келіп жатқан осы ауданның тұрғындары жер мәселелері бойынша, еңбек даулары бойынша, тұрғын үй мәселелері бойынша кеңестер алуда.
Тұрғындар мамандарға тікелей жүгініп, мәселенің шешімін бірлесе іздеді. Әрі құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында үнпарақтар таратылды.
ТОЛҒАНАЙ АЙНИЯЗОВА – АУДАН ТҰРҒЫНЫ
//Мен негізі жеке кәсіпкер бір жағынан азаматтық жұмыс жасаймын. Аудандық салық органындағы қызметкер өзінің нақты шешімдерін түсіндірді. Сонымен қоса, салыққа байланысты 3-4 сұрақтарымды жеке қосымша қойдым. Енді барынша жақсы жауап алдым деп ойлаймын.//
Ұйымдастырушылар азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған мұндай бастамалар әлі де жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді. Жалпы Іс-шарада 100-ге жуық азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетіліп, заңдық тұрғыда түсіндірме жүргізілді.