#qyzylordatv

Соңғы күндері тұрғындар тарапынан жедел жәрдем шақырту көбейді. Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар жиі тіркелуде. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы апталарда тұрғындар арасында вирус жұқтырғандар саны артқан.

 Бұрын үлкендер қазан мен қарашаның кезін кезек ай деп атайтын. Дәл сол уақытта тұмау да өршиді. Бүгінде тұрғындар арасында, әсіресе балалардың дене қызуы көтеріліп, мұрны бітеліп, әлсірегендер қатары қалың. Соның салдарынан жедел жәрдем шақырту да жиілеген.

  Бүгінде аймақта 75 жедел жәрдем бригадасы үздіксіз жұмыс жасауда. Оған қосымша емханалар жанында 37 мобильді топ бар. Шақыру еселенген жағдайда, яғни қауырт шақтарда қосымша бригадалар және қосылады. Жүктеме өте көп.

Тұрғындар «қазір жедел жәрдем укол салмайды» деген шағым айтып жатыр, бұған қатысты дәрігер былай деп түсіндірді:

Әлбетте, кез келген аурудың алдын алуда ең маңыздысы - иммунитетті күшейту. Дәрігерлер тұрғындарға жеке бас гигиенасын сақтау, жылы киіну және сол иммунитетті күшейтудің маңыздылығын еске салады.