#qyzylordatv
Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан білікті маман Орынбасар Бейімбетовтің есімі ардақталды. Биыл арда азаматтың туғанына 95 жыл толып отыр. Іс-шара барысында зиялы қауым өкілдері ел үшін еңбек еткен тұлғаның өмір жолын насихаттады.
Орынбасар Бәйімбетов – Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы саласын дамыту ісіне айрықша еңбек сіңірген тұлға. Ол еңбек жолын қарапайым маманнан бастап, бірнеше жыл совхоз басқарған. Еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ұжымшарды өркендеткен. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде елдік мәселелерге араласып, аймақтың ауыл шаруашылығы саласын тізгіндеген.
НҰРЛЫБАЙ ҰЛЫҚПАНҰЛЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
//Орынбасар Б. 1966 жылы бұрынғы Сырдария ауданы 1-ші Май савхозының ҚазақССР кеңесіне жоғары депутат болып сайланды. Сол жылы Социалистік еңбек ері атағын алады. 1967 жылы Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына бастық әрі партияның бюро мүшесі болып сайланады. Ол кісінің ең көп көңіл бөлетіні мынау малшылардың, жұмысшылардың жағдайын жасау еді. Сол үшін көп тұрғын үйлер малдың қыстайтын жерлері мен мал қоралар салынды. Мынау 2000 жылы Жаңақорған ауданында Ғасыр адамы деген атақ берді. Атаққа лайық. Негізінен халық үшін жұмыс істеген адамның бірі. Оның өмір жолы кейінгі жастарға үлгі.//
Мерейтойға жиналғандар ардагердің еңбегін құрметпен еске алды. Шара барысында мектеп оқушылары өлең оқып, қатысушылар жүрекжарды лебізін білдірді.
БАЛТАГҮЛ БӘЙІМБЕТОВА, О.БӘЙІМБЕТОВТІҢ ҚАРЫНДАСЫ
//Шиелі ауданында Даласын сүйген дара перзент деген менің бауырымның 95 жылдығы аталып өтіп жатыр. Бәйімбетов Орынбасар шындығында 13 жасынан бастап іске араласып қызмет істеп, өзінің таза маңдай тер еңбегімен осы социалистік еңбек ері деген атқа жетті. Таңның атысы күннің батысы үйдің бетін көрмейді, мен мысалы мектепте оқимын, ол кісінің үйге қай уақытта келіп қоғанын қай уақытта кеткенін білмеймін.Нағыз еңбектің адамы. Ол кісі жалғыз өзі жетістікке жете алмайды, сол жетістіктің бәрі халықтың арқасында жетіп отыр деп есептеймін. Ол кісі осы еңбегінің арқасында Ленин ордені, Еңбек қызыл ту ордені сосын республикалық деңгейде депутат болды, ең соңында социалистік еңбек ері атағын алды.
Еңбекпен ер атанған азаматтың өмір жолы қашан да өскелең ұрпаққа өнеге. Ал оның еңбегін бағалап, құрмет көрсету жарқын істің үлгісі болса керек.