#qyzylordatv

С5+1 форматы – Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, кездесу нәтижесінде инвестиция көлемі артады. Әсіресе, тау-кен, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыс нығаяды.

  Қазірдің өзінде АҚШ-тан Орталық Азияға тартылған инвестицияның 80 пайызы біздің елге тиесілі. Тәуелсіздік алғалы оның жалпы көлемі – 60 млрд доллардан асқан. Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде, 362,4 млн долларға жеткен. Елде жұмыс істейтін америкалық компаниялардың саны 630-дан асады. Енді ақорда мен ақ үйдің арасындағы сенімді диалог нәтижесінде инвестициялық мүмкіндіктен бөлек, транзиттік, логистикалық дәліздерді дамыту, цифрлық трансформация бағытындағы ынтымақтастық дамиды.

 БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

// С5 Форматы бұрын диалог алаңы сияқты қаралып келсе, енді экономикалық тұрғыдан басымдылық беріліп отыр. Тек саяси емес, экономикалық мүмкіндіктер, инвестициялық мүмкіндіктер соның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударылып отырғандығы - логистика мәселесі Бұдан басқа сирек металдарымыз, соның ішінде уран, бұл бағытта да жаңа келісімдер, жаңа жобалар қолға алынатыны сөзсіз. Дәл осы самииттің Қазақстанның экономикалық әлеуетін күшейтуге әсер зор болады деген сенімдеміз//