#qyzylordatv

«Анаға тағзым» орталығында материалдық емес мәдени мұраларды сақтау және жаңғырту бағытында маңызды іс-шара өтті. Ұйымның басты мақсаты – көне дәстүр мен ұмыт болған өнерді сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу.

 Сыр өңірінде 30-дан астам материалдық емес мәдени мұра түрі тіркелген. Олардың кейбірі ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Басты мақсат – ұмыт қалған өнер түрлерін қайта жаңғырту. Материалдық емес мәдени мұраға жыр-терме, халық биі, салт-дәстүр, ұлттық тағамдар мен қолөнер кіреді. «Біз бұл бағытта арнайы тізім жасап, ЮНЕСКО-ға енгізу жұмыстарын жүргізіп келеміз, -дейді комиссия мүшесі Жанерке Шайғозова.

 ЖАНЕРКЕ ШАЙҒОЗОВА, ЮНЕСКО-ның МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

// жиырма төртінші жылы жетпіс тоғыз элемент өзінің ұлттық тізіміне енгіздірген.Сол элементтермен таныстыру,он төрт элемент Юнеско-ның репрезентативті списогіне /енгізілген.Қымызмұрындық,бие байлау деген номинацияға жұмыс жасалып жатыр.03:17 қазіргі таңда он сегіз мұғалімді үйретіп жатырмыз//

 Халықтың тарихи жады мәдени мұраны ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатыр. Іс-шара барысында дәстүрлі қолөнер, басқұр мен текемет тоқу секілді жобалар талқыланды. Ертеректе кең тараған, бүгінде сирек ұшырасатын өнердің түрі - өрімшілік. Ерекше өнер ғана емес, кәсіп болған өрімшілікке қазір сұраныс азайып, қолданыс аясы тарылған.

 ҒАЗИЗА ӘБІЛДА - ОБЛЫСТЫҚ «СЫР БОЙЫ»ГАЗЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ/ /бүгінгі таңда ұлттық өзіміздің құндылығымызға қатысты жетпіс тоғыз пунктіден тұратын жоба бар екен.Соның ішінде айтыс болсын,оның ішінде ертегі айту,аңыз айту сол сияқты тіпті жоғалып бара жатқан жоқтау дәстүрі,тойлардағы біздің беташарымыз сонымен қатар кілем тоқу,киіз басу,басқұр тоқу деген сияқты керемет өнерімізді жарыққа шығару,қайта жаңғырту.Осындай дәстүрлерді білетін аламлар сирек,халықтың арасында.

Әр дәстүр мен өнер түрі – ұлттың жаны. Оны қорғау –ортақ міндет. Мәдени мұраны сақтау – тарихқа құрмет, болашаққа сенім.