#qyzylordatv

Қалалық жастар орталығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған кездесу өтті. Жиынның мақсаты – қала тұрғындары мен жастардың таза орта қалыптастыруға үндеп, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін нығайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға шақыру.

 Ашық форматта өткен жүздесу барысында қала жастары, еріктілер мен студенттер экологияны жақсарту, тазат орта қалыптастыру бағытында өз пікірлерін білдірді. Айта кету қажет, акция барысында бүгінге дейін өңір бойынша 420 мыңнан астам ерікті, түрлі сала қызметкерлері мен қала тұрғындары жұмылдырылып, 18 мың тоннадан аса қалдық шығарылған.

 МЕДЕТ ЖОРАБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 // жиынның мақсаты жастар мен қала тұрғындары арасында тазалық экологиялық мәдениетті қалыптастыру және дамыту мақсатында жастар пікірін білу тыңдау. Сонымен қатар негізгі мақсат бұл Таза Қазақстан экологиялық жобасын өңір бойынша дамыту жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.Аталмыш жиналысқа қала аймағындағы волонтерлік ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар және осы Таза Қазақстан жобасын атсалысып жүрген жастар тартылуда. Шара барысында өңірдегі негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары талқыланатын болады. Бүгінгі күні өңіріміз Қазақстан бойынша ең таза аймақтардың қатарына еніп отыр. Жастардың белсенділігі өте жоғары. Қала аймағында орналасқан парктер тұрақты түрде әр апта сайын әртүрлі форматтағы акциялармен сенбіліктермен жалғасып отыр.

ЖАНЕРКЕ ҚУАТБАЙ – ЕРІКТІ

 // Жалпы еліміздің жеріміздің таза болуы бұл баршамыздың ортақ міндетіміз.Осы орайда біздің жастар рухының белсенділері әр сенбі күндері осы таза Қазақстан акциясын үнемі өткізіп отырамыз. Алдыңғ айда Қазан айында үлкен роуд эстафета болған, сол эстафетаға қатысып жалпы еліміздің жеріміздің таза болуына, әсіресе Қызылорда жерінің тазалығына үлесімізді қостық.Бұл бізге үлкен қуаныш сыйлады. Баршаңызды осы акцияға атсалысуға және ерліміздің жеріміздің таза болуына шақырамыз.//