#qyzylordatv

Облыс делегациясының Швейцариядағы сапары Берн қаласында жалғасты. Онда аймақ басшысы су, газ, электр және жылу есептегіш құрылғыларын өндіруде 120 жылдық тарихы бар «GWF MessSysteme AG» компаниясының басқарушы директоры Марк Нойхауз және техникалық директоры Юрген Скрипалльмен кездесті.

 Кездесуде Қызылорда облысында су және энергия ресурстарын есепке алу жүйелерін жетілдіру, «ақылды есептегіш» технологияларын енгізу, сондай-ақ осы бағытта бірлескен өндіріс құру мәселелері талқыланды. Мұндай жобалар аймақтың инфрақұрылымдық әлеуетін арттырып, импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында өңірдегі каналдарға осы компанияның 100 су есептегіші Ислам даму банкінің қаражаты есебінен келер жылдың қаңтар айынан бастап орнатылмақ.

Сапар соңында облыс әкімі Қазақстан Республикасының Швейцариядағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Саржановпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және швейцариялық компаниялардан инвестиция тарту мәселелерін талқылады.