#qyzylordatv
Жасанды интеллект соңғы жылдары медиа саласында да салтанат құра бастады. Бірақ, артықшылығымен қатар, тәуекелдері де бар.
Елордада өтіп жатқан «Astana Media Week 2025» апталығында айтылған сарапшылар пайымы осыған саяды. Бүгінде отандық БАҚ-та жасанды интеллект мәтін жазумен қатар, фото-видео дайындауда басты көмекші құралға айналды. Бұл уақыт пен қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Десе де, сала мамандары кез келген деректің дұрыстығына ең алдымен журналист жауапты екенін айтады. Сондықтан жасанды интеллект берген ақпаратты сүзгіден өткізу аса маңызды.
АРШАТ ОРАЗ – SЕО МАМАНЫ
// дереккөз сұрасаңыз, саған өзі сілтемесін береді. Мысалы біздің жұмыста әр журналист алған материалдарын тексереді міндетті түрде. Өйткені, жаңа айтқанымдай, жауапкершілік журналистің өзінде болады. Ал, ЖИ-дің ешқандай жауапкершілігі жоқ//