#qyzylordatv
Облыста азаматтық және әкімшілік істердің қазақ тілінде қаралу көрсеткіші өзге аймақтарға қарағанда едәуір төмен. Бұл туралы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Меруерт Тоғызбаева «Сот әділдігін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында өткен жиында баяндады.
МЕРУЕРТ ТОҒЫЗБАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ //2025 жылдың үшінші тоқсанында әкімшілік сотта қаралған 791 істің 607-і яғни, 77-і пайызы, ал облыс бойынша 78 пайызы мемлекеттік тілде жүргізілген. Яғни, мемлекеттік тілде қаралған істердің саны былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай ұлғаймағандығы байқалады. ҚР Азаматтық процестік кодексінің 14 бабына сай сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қай тілде берілген болса, сол тілде жүргізіледі. Сол себепті сотқа ресми тілде жүргізілген істерге талдау жүргізу барысында талап-арыздардың орыс тілінде көбіне заңды тұлғалармен оның ішінде банктер мен коллекторлық компаниялар және адвокаттармен, заң консультанттармен берілетіндігі анықталып отыр. Біздің сотта қаралған істердің бұл салық саласындағы даулар. Басым бөлігі орыс тілінде қаралып келеді. Бұл санаттағы істер көбіне заңды тұлғалар талап қоюшы болып табылады. Ал олардың 90 пайызында адвокаттар мен заң консультанттары өкілдік етеді. Яғни, сот істерінің басым бөлігінің ресми тілде жүргізілу себептерінің бірі – сотқа жүгінушілердің мүддесін қорғаушы адвокаттар мен заң консультантарының қазақ тілінің жетік білмеуіне ба немесе өздерінің талап-арыздарының трафоретін дайындап, оны мемлекеттік тілде аударуды қиын көретін секілді. //
Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Бекжанов төрағалық еткен жиында мұнан бөлек, азаматтық істердің мемлекеттік тілде қаралу көрсеткіштеріне қатысты өзекті мәселелер және оны шешу жолдары, іс жүргізу тілі қағидаттары бұзылу кезіндегі қабылданатын шаралар туралы баяндамалар жасалды.
ӘСЕЛ КАРБОЗОВА – ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТ СУДЬЯСЫ // Қызылорда облысы қазақ тілді өңірлердің өзінде талап қоюлар, шағымдар, арыздар орыс тілінде беріліп, іс жүргізу тілі орыс тілі болып қаралып жатыр. Мұның себебі, ең әуелі құқық саласындағы және көбіне талап қою мен жүгінетін банк саласындағы микроқаржы ұйымдары азаматтық істер бойынша көбіне талап қою орыс тілінде беріліп отыр.Яғни, сот тілінің орыс тілінде ауысып кетуі...//