#qyzylordatv
Қазақ келіндері қашанда ағайынның ауызбіршілігін ойлап, салт-дәстүрдің сақталуына себепші болған. Сыр елінде келіндердің татулығын үлгі еткен «Абысын – ажын» республикалық байқауы өтіп, сайыста 13 облыстан келген қатысушылар бақ сынады.
«Абысын тату болса, ас көп». Қазақта ағайын адамдардың әйелдерін абысын-ажын деп атаған. Жүзі жылы, жүрегі мейірімге толы, қазақы құндылықты қадірлей білетін келіндер отбасындағы ғана емес, бір әулеттің ішіндегі сыйластықтың сақталуына себепші болған. Абысындардың бірлігін көпке танытқан байқау биыл төртінші мәрте өткізілуде. 150-ге жуық келін қатысқан шарада ұлттық мәдениет пен құндылықтарға баса мән берілді. Айталық осы жолы байқауға Ақтөбе облысындағы Қоңыр ата әулетінің 19 келіні қатысуда. Татулығы жарасқан нәзік жандар әртүрлі мамандықтың иелері.
АЙНҰР ЖҮГІНІСОВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РҚБ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
//Қазір біздің қоғамдық бірлестікте 120 мыңнан астам аналар бар.Биыл Қызылорда облсында төртінші Абысын ажын байқауы өтуде. Байқаудың мақсаты туысқандық қарым-қатынасты нығайту ғой. Қазақ бытырап бара жатырмыз.Қазқтың басын қалай қосамыз дейт. Әйел түзелмей, әлем түзелмейді дейді.Осы әйел затының басын қосу арқылы, тума-туыс қарым-қатынасты нығайту арқылы, бірлік, татулықты нығайту арқылы әр адам өзінің отауын дұрыстаған кезде ғана Отанның жағдайы дұрысталады.Біз қазір жан-жақты отаудың жылуын ұстап отырған аналармен жұмыс жасаймыз.//
Байқаудың сәлемдесу кезеңінде қатысушылар бір-бірін таныстырды. Ал екінші кезеңде өнер көрсетумен қатар, жасаған қолөнер бұйымдарын ел назарына ұсынды. Үшінші кезеңде отбасылық дәстүрге әлеуметтік желілердің тигізер пайдасы мен зияны туралы көрініс көрсетті. Сарапшылар бағалау барысында абысындардың ауызбіршілігі мен жарасымдылығына, сөйлеу әдебі мен мәнеріне, ұлттық салт-дәстүрді меңгеруі мен жеткізу деңгейіне, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне аса мән берді.
АЛТЫНАЙ МЫРҚЫҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» ҚБ ТӨРАЙЫМЫ
//Қызылорда облыснда 5 мыңнан астам ана мүше болып жатыр.1.35Былтыр бізде Алматы облысында Абысын ажын байқауының үшінші кезеңінде Қызылорда облысы бас жүлдені жеңіп алып, Қызылорда қаласында өтейін деп жатыр. Абысын ажын байқауымызға 13 облыстан қонақтар келіп жатыр. Келіп жатқан қонақтар 400 ананың үстінде. Тарихи сәті. Қатысушы келіндердің өзі 150-дің үстінде келіндер қатысайын деп жатыр.Бұл байқаудың ерекшілігі бір әулеттің келіндері байқауға түсейін деп жатыр//
БИБІГҮЛ РАМАЗАНОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» ҚБ ТӨРАЙЫМЫ
//Мен өзім Маңғыстаудан Айым ата әулетінің 9 келінін әкеліп тұрмын. Дайындық өте керемет. Тіпті аяғымызға ұлттық нақыштағы етігімізге дейін киімдеріміздің сондай ерекшеліктері бар. Одан бөлек үшінші сайыста интернеттің пайдасы мен зиянын біз салт-дәстүрмен, киіз үй тігумен Маңғыстаудың ерекшеленетін көрінісімізді алып келдік. Ал екінші кезеңде қолөнерді және өнерді бірлестіріп, үлкен компазиция жасадық. Келіндеріміз би билейді, жанды дауыста ән айтады және қолөнерлерін көрсетеді. Ал бірінші сәлем беріп, ұлттық киімдерден дефиле көрсетеді.Оған да ерекше дайындықпен келдік.
Қазақ аналары қай кезде әулеттің, ағайынның абыройын ойлаған. Пейілі кең, ақ тілегі үзілмейтін аналарды бір мақсатта біріктірген байқау абысын-ажынның татулығын одан әрі арттыра түсті.