#qyzylordatv

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде экологиялық мәдениет мәселесі талқыланды.

 Рухани тазалық пен экологиялық мәдениетті ұштастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар талқыланды. Басқосуда студенттерге экологиялық қызметтің негізгі бағыттары, табиғатты қорғаудағы заманауи тәсілдер мен цифрлық бақылау жүйелері таныстырылды. Экологтардың айтуынша, бүгінде Қазақстанда ауа мен судың сапасын бақылау, қалдықтарды сұрыптау, және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша нақты жұмыстар қолға алынған.

 АЛМАС ИСКАКОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Тұрмыстық қалдықтардың өңделу проценті 26 ға жеткені. Ол 30шы жылға дейін 50пайызға жеткізу бойынша үкіметпен шаралар атқарылып жатқаны. Қазір экология министрлігімен кешенді экологиялық рұқсат енгізілуде ол не дегеніміз. Кәсіпорында ең қолжетімді технологияларды қолдануды міндеттеу. Республикамызда 70тен астам ірі кәсіпорын автоматтандырылған шығарындыларды бізге онлайн режимде беруде. Және осы Қазақстан акциясы аясында үлкен шаралар атқарылуда олар: жер сағаты, мөлдір бұлақ, world Cleanup Day сонымен қатар бағанағы ағаштар егу үлкен іс шаралар өте көп.