#qyzylordatv

Қармақшы ауданы, Төретам кентінен төрт айлық сәби шұғыл түрде «Қазавиақұтқару» тікұшағы арқылы облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді.

Нәрестеге медициналық көмек керек болғандықтан жедел тасымалдау жүзеге асырылды. Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде төрт айлық сәби облыстық балалар ауруханасына сәтті жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.