#qyzylordatv

Чемпиондық рух. Жастарға жігер сыйлаған жоба Қызылорда қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары түрлі әлемдік жарыстың чемпиондарымен бірге таңғы жаттығу өткізіп, салауатты өмір салтын насихаттады.

 «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған жаттығуға 150-ге жуық жас қатысты. Жоба аясында тек жаттығулар ғана емес, түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсат – жастардың денсаулығын нығайту. Айта кету керек, салауатты өмір салтын насихаттайтын шара республиканың барлық өңірінде өтуде. Республикалық шараға арнайы қонақ болып 2025 жылғы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали, 2022 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов, пара пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында 2 дүркін Әлем чемпионы Снежанна Бойко, Пара пауэрлифтингтен әйелдер арасында Әлем чемпионы Фариза Төлжан қатысты. Жастармен жүздескен ел мақтаныштары жарқын жобаның маңызына тоқталып, жастарды рухты, жігерлі, еңбекқор болуға шақырды.