#qyzylordatv
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде құқықтық емес мамандық студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сайыс өтті. Іс-шара Конституцияның 30 жылдығына және «Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні аясында ұйымдастырылды.
Биыл үшінші рет ұйымдастырылған білім сайысына университеттің барлық институттарынан 7 топ қатысып отыр. Әр топ түрлі кезең бойынша өз дайындықтарын көрсетті.
ӘЛІБЕК ЖАППАСБАЕВ – КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕР
//Негізгі мақсат - елімізде сыбайлас жемқорлыққа деген нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Ерекшелігі әдетте бұл тақырыптағы сайыстар, конкурстар ол заң мамандығы, құқықтану мамандығы білім алушылар арасында болатын болса бұл жолы біз құқықтық емес мамандықтарын студенттердің арасында алып отырмыз. Айта кететін мәселе, біздің университет қабырғасында осы бағытта біршама жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек көптеген жұмыстар көзделіп отыр, енді жастар арасында біз эссе байқауын өткізу жоспарлап отырмыз.//
Жарыс төрт кезеңді қамтыды. Таныстыру, бейнесюжет әзірлеу, сұрақ-жауап және «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты қабырға газеті бойынша мынға түскен талапкерлер тақырыпты толықтай ашуға тырысты.
ЕРКЕМАЙ САНИЯЗОВА – «ҚҰҚЫҚТАНУ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
//Бұл студенттерге алдын ала берілген тапсырмаларды орындау деңгейлері және сыбайлас жемқорлыққа дейінгі білімдерін бағалау мақсатында және осы білімін көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Құқықтану білім бағдарламасының жоспарына сәйкес келесі оқу академиялық кезеңнен бастап мектеп оқушыларының арасында осы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ғылыми жоба конкурсын ұйымдастырамыз деп отырмыз.//
Сайыс соңында барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды. Ұйымдастырушылар адалдыққа үндеген мұндай сайыстарды енді мектеп оқушылары арасында жалғастырмақ ниетте.