#qyzylordatv

Түркістан облысындағы Алғабас ауылында болған өртке қатысты үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар оқиға орнында психологиялық қолдау орталығы мамандары қаза тапқандардың жақындарына көмек көрсетуде. Еске салайық өрттен 12 адам қаза тауып, 3-уі ауруханаға түсті. Қаза тапқандардың 9-ы бала. Мемлекет басшысы Үкіметке және жергілікті әкімдікке шұғыл тапсырма берді. Өрттің себебін анықтау үшін Үкіметтік комиссия жұмысын бастады.

 Оған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев төрағалық етеді. Комиссия құрамында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Түркістан облысы әкімдігі өкілдері бар. Оқиға орнында облыс әкімі Нұралхан Көшерев жүр. Қазір зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындарына медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 12 адамның өмірін жалмаған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.