#qyzylordatv

Биыл Президенттік жастар кадр резервіне еліміз бойынша үздік деп танылған 50 үміткер таңдалды. Оның үшеуі Қызылорда облысынан. Іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен кәсіби біліктілігі жоғары жастар туралы тілшіміз тарқатады.

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді іріктеу алғаш рет 2019 жылы басталып, әр екі жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл іріктеу кезеңдеріне қатысу үшін облыстан 420 үміткер өз құжаттарын тапсырды. Үміткерлердің саны бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында төртінші орынға тұрақтады.

ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

 Биыл бұл іріктеу төртінші рет өткізіліп отыр. Биылғы нәтижеге келетін болсақ Қызылорда облысынан 420 адам өз өтініштерін берді.Алдыңғы жылдармен салыстырғанда біздің өңіріміз үшін бір белсенділіктің артқанын байқатады жастардың арасында.Енді бұған дейін де көптеген түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.Аудан, қалаларға бардық. Еңбек ұжымдарымен кездестік.Соның нәтижесі деп те қарастыруға болады. Бүған дейінгі үш іріктеудің қорытындысын алып қарайтын болсақ, Қызылорда облысынан тек бір жас маман резервке алынған болатын.Ал биылдың іріктеу нәтижесімен кеше ұлттық комиссияның қорытынды шешімі шықты.Үш бірдей Қызылорда өңірінің жастары Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданды.

 Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген жастың бірі Ербол Бөлебаев 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді. Осыған дейін цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша жұмыс атқарған жас маман қазір әлеуметтік қамсыздандыру саласына жауапты.

 ЕРБОЛ БӨЛЕБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Президенттік жастар кадрлық резервінің қойылатын талаптары бар. Ол бірінші кезекте жас 35 жастан аспауы.Одан кейін 6 кезеңнен тұратын конкурс болады. Сол 6 кезеңнің барлығынан өтіп қазіргі таңда Президенттік жастар кадр резервіне ендім. Президенттік жастар кадр резервінің ерекшелігі резервистерді салаларға бөлу. Мен өзім цифрландыру саласы бойынша Президенттік жастар кадр резервінің мүшесімен. Менің жобамның тақырыбы облыстар арасында бюджеттік теңсіздікті жою.

Жас маманнан Президенттік жастар кадр резервіне құжат тапсырудағы мақсаты қандай екенін де сұрадық.

 ЕРБОЛ БӨЛЕБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Менің Президенттік жастар кадр резервіне қатысу себебім осының алдындағы жастар кадр резервіне енген жастарды көріп, жоғарғы лауазымдарға орналастырғанын көріп, жастар кадр резервінің әлеуметтік лифт беретінін де пайдаланып, жобаларымды, өзімнің иедяларымды орталық мемлекеттік органдарда атқарғым келеді.

 Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген жастың бірі – Жансая Аманкелдіқызы. Білікті жас маман 6 жылдан бері «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамының облыстық филиалында жұмыс істеп келеді. Ол мемлекеттік және өзге де бағдарламалар арқылы аймақтағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағытында қызмет етуде. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде менджмент мамандығында білім алған ол бала кезден-ақ банк саласында қызмет етуді армандаған.

ЖАНСАЯ ЖАҚСАТОВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТАЛДАУШЫСЫ

Биылғы резервтің соңғы финишына дейін жеттім. Шынын айтсам, резерв туралы ақпаратты басқа қатысушылардан алдым. Резервтің өзі 6 этаптан тұрады. Соның ішінде ұнаған екі этапты айтқым келеді.Бұл ассесмент орталықта болған қателеспесем төртінші этап болуы керек.Онда бізде ассесторлар жеке және топтық форматта шын өмірге максималды жақындаған стиуациялық тапсырмалар болды.Сол ситуациялық тапсырмаларды шештік.Ассесторлар бұл жағдайда біздің ойлау типімізді, сонымен қатар командадағы әрқайсымыздың орнымызды бағалауға тырысты. Одан кейін ұнаған этап соңғы этап болуы керек жоба қорғау этабы.Мұнда қысқа уақыттың ішінде үлкен ақпарат көлемін іздеп, талдап және оның бәрін 5 минуттық прзентацияға айналдыру қажет болды. Және де презентация айтылған мәселеге нақты бір ұсыныс беру керек.

 Президенттік жастар кадр резервіне Қазалы ауданы әкімі аппаратынан қатысқан бас инспектор Жұмажан Сақыбай да іріктелді.

Бұл – еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Жобада кәсіби білікті және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару жүйесінде басшылық қызметке орналасуға бірегей мүмкіндік ашу мақсаты көзделген. Мәселен, жоғары мемлекеттік әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары ұсынылатын болады.