#qyzylordatv
Аймақта «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасына берілген квота саны жыл өткен сайын артып келеді. Мақсат – бірнеше жылдан бері сәби күтіп жүрген отбасыларға қуаныш сыйлау.
«Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы елімізде Президент тапсырмасына сәйкес 2021 жылдан бастап іске қосылған. Бес жылдың ішінде облысқа мың жарымға жуық квота бөлініп, нәтижелі жүзеге асуда. Мәселен, былтыр ЭКО арқылы 92 бала өмірге келді, соның ішінде үш егіз сәби бар. Ал, биыл бағдарлама бойынша 310 квота берілген. Негізінен, «Аңсаған сәби» бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Статистикаға сүйенсек, бүгінде облыста бала көтеру қабілеті төмен 6320 отбасы бар. Ал, 455 жанұя квота кезегін күтуде. Мамандардың сөзінше, кезекте тұрған отбасылардың барлығы өңірлік комиссия арқылы қаралып, қолданыстағы бұйрықтарға сәйкес жолданады.
МАЯ МИРЗАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \2024 жылы 270 квота бөлініп, өткен жылдың желтоқсан айына дейін толықтай игерілген. Оның ішінде жүктілік – 65,9%, 68 жағдай түсікпен аяқталған, өкінішке орай 31,5%-да жүктілік нәтиже бермеген..... \