#qyzylordatv

Жаңақорған ауданындағы Қожакент ауылдық округінде Ергеш Үсеновті еске алуға арналған спорттық шара болды. Үсеновтер әулетінің ұйымдастыруымен өткен турнир қазақ күресі және шағын футбол түрлерін қамтыды. Биыл бұл дода төртінші жыл қатарынан өтіп жатыр.

Ергеш Үсенұлы 1933 жылы Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылында дүниеге келген. «Қолынан кетпені түспеген қарапайым еңбек адамының атқарған ісі дара еді» дейді ауылдастары. Ал іс-шара дәстүрлі турнирге айналып отыр.

ИЗАТУЛЛА ҮСЕНОВ, ЕРГЕШ ҮСЕНОВТІҢ ҰЛЫ

Жылда осы іс шара өтіп жатыр. Күрестен, шағын футболдан ересектер арасында. Біз әкемізге Үсеновтер әулеті болып ас беріп жатырмыз. Мынау өскелең ұрпақ осыны біліп көріп жатса, ал енді баланың парызы әкені ардақтап ұлықтау. Қазіргі таңда ауылымыз өсіп өркендеп, ауданымыз өсіп өркендеп жатыр. Осындай спорт жалғасын таба берсін. Еліміз тыныш жұртымыз аман болсын.

ШАДИЯР БАШАРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Ергеш Үсенұлымен біздер бірге жұмыс істедік. Ол кісі өте қарапайым, өте бір қайырымды кісі болатын.Елге танымал. Елдің басына іс түссе осы кісілерді жағалап баратын. Сол кісілер қарыз болсын ас болсын бәрін осы кісілер шешетін.Осы кісілерге қарап біздер тәлім тәрбие алдық. Міне сол кісіден тараған ұрпақ міне осындай іс шара өткізіп жатыр.

Қазақша күрес сайысына еліміздің 8 өңірінен келген, жалпы саны 300-ден аса жас спортшы қатысты. Тартысты дода екі күнге созылды. Ал шағын футбол бәсекесіне 14 команда қатысып, үздік атану үшін өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ауыл тұрғындары мұндай шараның ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға және спортты дамытуға үлес қосатынын айтады.