#qyzylordatv

Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Осыған орай ұйымдастырылған жиында спорт саласындағы жаңашылдықтар мен заңнамалық өзгерістер туралы кеңінен талқыланды. Тілші бейнематериалында толығырақ.

 Елімізде маусым айында дене шынықтыру және спорт туралы жаңартылған заң күшіне енді. Бұл жаңашылдық спорт саласын жаңғыртуға, спорт саясатының тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын оңтайлы пайдалануға бағытталған. Ал енді басым бағыт ретінде 60-тан астам спорт түрі айқындалды. Олардың шамамен 30-ы еліміздің әрбір өңірінде дамуда. Сонымен қатар,

 БАУЫРЖАН РАПИКОВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ мүгедектігі бар спортшыларды қолдау шаралары кеңейтілді. Енді ілесіп жүретін адамдардың шығындарын мемлекет өзі өтеп, сол мүгедектігі бар адамдардың түрлі спортқа қатысуына себеп болып, қолдап жүретін адамдар енді мемлекет есебінен баратын болады. Сонымен бірге бізде басқару вертикалі деген ұғым енгізілді.

 Кездесуде вице-министр Бауыржан Серікбайұлы министрлік тарапынан спорт және туризм саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды және алдағы жоспарларды баяндады. Көрсеткіштерге зер салсақ, елімізде спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатындар саны 8,4 млн-ды құрайды. Ол халықтың 41,4%-ы.

 БАУЫРЖАН РАПИКОВ - ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Бұл көрсеткіш Қызылорда облысында 42,1% құрайды немесе 356 мың адам. Балалар мен жасөспірімдердің үлесі 100 мың адамнан асады, ол – 39,5%. Мемлекеттік спорт тапсырысын іске асыру жалғасуда. Жыл сайын жергілікті, республикалық бюджеттерден ақша бөлінеді. Ағымдағы жылы 300 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамту үшін жергілікті атқарушы органдар 50 млрд теңгедей бөлген. Тағы бір негізгі мақсаттардың бірі – инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру.

Вице-министр облыста ел игілігіне берілген спорттық нысандарды да ерекше атап өтті. Жуырда Қызылорда қаласында УЕФА талаптарына сай, 11 мың көрерменге арналған стадион іске қосылып, Қазақстан Кубогының финалы өткізілді. Үшінші интернационал, Дүр Оңғар, Жақсықылыш, Бесарық, Ақай ауылдары мен Жалағаш кентінде спорт кешендері пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Аққыр және Досбол Датқа ауылдарында ангар типтес спорттық залдар салынды.

 БАУЫРЖАН РАПИКОВ - ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

 Қызылорда облысында ұлттық спорт түрлерімен 30 мыңнан астам адам айналысады. Елімізде жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіледі.

Жиында Бауыржан Серікбайұлы туризм саласы бойынша да атқарылған жұмыстарды атап өтті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстағы туристік қызмет көрсету көлемі 1,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 66,3 пайызға артқан.

Кездесу соңында спорт саласының қызметкерлері вице-министрге жеке сауалдарын қойып, өзекті мәселелерді талқылады.