#qyzylordatv

Қызылорда облысы үшін маңызы бар ақпарат. Қазіргі күні Көксарай су реттегішінде ауқымды механикалық тазарту жүріп жатыр.

 Су реттегіштен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылыпты. Бұл жұмыстар Көксарайдың өткізу мүмкіндігін жақсартып, Қызылорда облысына суды тиімді жеткізуді қамтамасыз етпек. 28 арнайы техника тартылған. Оның жартысы біздің Қызылорда филиалынан жұмылдырылған. Жұмыс желтоқсан айының ортасына, су жібергенге дейін аяқталмақ. Сондай-ақ, бұл реконструкция Солтүстік Аралға жіберілетін судың көлемін арттырмақ.