#qyzylordatv

Елімізде экологиялық саясатты іске асыру және қоршаған ортаны қорғау шаралары жалғасуда. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде өңірлерде санитарлық тазалау, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жетілдіру және жасыл аймақтарды көбейту бағыттары бойынша экосағат өткізілді.

 «Таза Қазақстан» акциясына Сыр өңірі де елеулі үлес қосып келеді. Акция аясында санитарлық аумақтарды тазалау, өзен-көл жағалауларын қалпына келтіру және ағаш отырғызу жұмыстары қолға алынған. Акцияға мыңдаған азамат қатысып, қоғамдық орындардан тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды. Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен облыстық экология департаменті және «Болашақ» университеті студенттерге арналған экосағат форматындағы кездесу өткізді. Іс-шара барысында жастардың экологиялық мәдениетін арттыру және оларға табиғатты қорғау бастамаларының маңызы түсіндірілді.

 ӘСЕМ ТЫНАРБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

// Президенттің экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық бағыты мен «Таза Қазақстан» ұлтық жобасын іске асыру аясында елімізде қоршаған ортаны қорғау саласында жүйелі шаралар атқарылуда. Негізгі мақсаты – экологиялық ахуалды жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс шара барысында жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастыру және оларды экологиялық бастамаларға белсенді араласуға ынталандыру мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.//