#qyzylordatv

«Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев Сыр еліне арнайы келіп, спортшылармен кездесіп, партия билеттерін табыстады.

 «Ауыл» партиясы – Қазақстандағы ресми тіркелген, әрі ТМД кеңістігіндегі ең ірі аграрлық партиялардың бірі. Жиында алдымен волейбол клубының басшылығы мен ойыншыларына партия билеттері табысталды. «Қайсар» волейбол ерлер құрама командасы 2017 жылдың қаңтар айында құрылды. Команда үздік жас ойыншылардан жасақталған. Оның ішінде ұлттық құраманың жастар командасының мүшелері бар. Ал әйелдер құрамасы 2023 жылы құрылған. Сондай-ақ, кездесуде «Қайсар» гандбол клубының ойыншыларына да партия билеттері табысталды.

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

// Қайсар футбол клубы, гандбол командасының мүшелері осы біздің партияның істеріне, партияның жобаларына қызығушылық танытып, партия қатыран кіруге ынта білдірді деген сондай бір жақсы хабар естігесін арнап, жоспарлап келген негізгі себебіміз сол. Команда болып біздің партияның қатарына кіріп жатыр. Ол біздер үшін үлкен сенім.Осындай спортшылар, елдің атын шығарып жүрген,түрлі спорттық ареналарда біздің партияның мүшелері болып,Ауыл деп айтып жүрсе, бізге ол үлкен сенім, қуаныш.++ Ал жалпы Ауыл партиясының бағыт-бағдарын, жұмыс жоспарын алатын болсақ, біздер қазір көптеген өңірлерде осындай, соның ішінде спортқа бағытталған.//

«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев «Абай Даулет» шаруашылығының жұмыстарымен де танысты. Өңірдегі көпсалалы кәсіпорында егін, бау-бақша және мал шаруашылығы қатар дамып, сонымен бірге құрылыс материалдарын шығару ісі жолға қойылған. Сондай-ақ, сапар барысында Бесарық ауылындағы шағын кәсіпкерлік нысандарды да аралады.

 ЖАСҰЛАН ТҰРЛЫБЕКОВ, «АБАЙ ДӘУЛЕТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

//«Абай Дәулет» мекемесі жалпы Қзылорда қаласында орналасқан. Ол жерде бізде екі күріш ақтау зауыты бар. Ол жерде 170-ке жуық қызметкерлер жұмыс жасайды. Одан бөлек мекеме әртүрлі салада жұмыс жасайды. Оның бір бөлігі осы Бесарық ауылында егін саласы болса, тағы мал шаруашылығы, оның ішінде түйе, қой, жылқы шаруашылығы, одан бөлек құс шаруашылығымен айналысып жатырмыз.Осы ауылда біз өзіміздің мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлерді қолдау мәселесінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өздерінің кәсібін жүргізетін орындар салып берген болатынбыз. Қазір сол жобада 11 кәсіпкер жұмыс жасап жатыр әр салада.//

Кәсіпорын ұжымы еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі еңбек етіп, «Ауыл» партиясының белсенді мүшелері қатарын толықтыруда. Жұмыс орындары жанынан «Ауыл», «Арман», «Бесарық» атты 3 бастауыш партия ұйымдары құрылып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда.

 САДЫҚ МҰСТАФАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Партия бұл мынау билік пен халықтың арасындағы көпір ғой.Сол ауылдық елдімекенді ел Президенті айтп жатыр ғой, осы ауылдың тұрғынын халық тұрғындарымен деңгейін бірге деңгейін көтеру, Сол бағытта біздің жасап жатқан жұмысымыздың аясы деп айтуға болады.Болашақта Ауыл партиясы ел үшін әрі қарай қызметін атқара береді. Қазіргі таңда жасалып жатқан жұмысымызды осы партияға мүшелерді тарту, осы партияның жоспаралап жылдың аяғына дейін қойған, мақсаттармыздың барлығын, көрсетіп, болашаққа бір жолды қою, сол жөнінде біз басшымызды шақырған болатынбыз.Сол келіп, онымен тұрмай ауылдық елдімекендегі Ауыл партиясына деген халықтың көзқарасы, сол халықтың, ауылдың қай бағытта қалай жұмыс істеп жатқанын танысып, біліп, паш ету//

Осылайша «Ауыл» партиясының төрағасы ауылдың жай-күйімен танысып, кәсіпкерлермен жүздесіп, тұрғындармен пікір алмасты. Бұл сапар партия жұмысын жетілдіруге жол ашады.