#qyzylordatv
Ұлттық валюта күнінде қаржы саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, үздік мамандар марапат мінберінен көрінді.
Ұлттық валюта күнімен тұспа-тұс келген жиында сала мамандарының еңбегі еленіп, үздіктер марапатталды. 40-қа жуық азамат «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісін, «Экономика саласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін, сондай-ақ Қаржы министрлігі мен облыс әкімінің алғыс хатын иеленді. Іс-шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
///Қаржы саласы аса үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ететін маңызды сала. Өңір экономикасының сан қилы саласында аянбай еңбек етіп, жауапкершілік жүгін арқалап жүрген еңбектеріңіз табыс, өздеріңізге зор денсаулық тілеймін. /Баршаңызды 15 – қараша Ұлттық валюта теңге кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын//
Қаржы және экономика саласында білікті мамандардың қалыптасуы өңір экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Мерекелік іс-шарада облыстың қаржылық-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан мамандар құрмет биігінен көрінді. Солардың бірі - Сырдария аудандық қазынашылық басқармасының басшысы – Зағира Рахымшаева.
ЗАҒИРА РАХЫМШАЕВА – СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
//Бүгінгі күн маған ерекше болып тұрған себебінің өзі – «Қаржы қызметінің үздігі» атағы төсбелгісін алып жатырмын. Ол менің осы 40 жылға жуық қаржы саласындағы еңбегімнің нәтижесі. Бүгінгі күн менің еңбек жолымның соңғы күні. Зейнеткерлік жасқа жетіп, белгіленген уақытта зейнетке шығып жатырмын//
БАЛЖАН ШӘМЕНОВА – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
///32 жылдың ішінде біздің экономика Қазақстан бойынша жақсы қатты дамыды. Экономика дамығанда өте маңызды – қаржыгерлердің біліктілігі, сауаты, білімділігі. Мен қазір айтамын, біздің қаржы саласында қазір мықты-мықты азаматтар жұмыс жасап жатыр. Теңгеміз біздің нығая берсін. Экономика өсе берсін. Экономика өссе, халықтың жағдайы жақсарады деген сөз. Мереке құтты болсын!//
Салтанатты іс-шара соңында өңір өнерпаздары әннен шашу шашып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.