#qyzylordatv

Мемлекет басшысы Бішкекте өткен ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Жиында ұйымның жаңа бас хатшысы тағайындалды.

2023 жылдан бастап бұл лауазымды иеленген Иманғали Тасмағамбетовтің орнына, Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадықов келді. 3 жылға тағайындалған жаңа басшы 1-қаңтардан бастап қызметіне кіріседі. Кезекті кездесуде Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері одақтың декларациясын бекітіп, қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды. Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты