#qyzylordatv
Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған жайдарман ойындары өтті. Бір ерекшелігі, бұл жолы сахнада әзіл әлемінде жүрген қыз-жігіттер емес мемлекеттік мекеме қызметкерлері өнер көрсетті. Тасада жүрген таланттарды танытып, шығармашылық қабілетін шыңдаған сайыс туралы келесі бейнематериалда.
Шиеліде мемлекеттік қызметшілер арасындағы жайдарман ойындары жақсы жолға қойылған. Бұған дәлел ауданның командасы бұған дейін облыстық деңгейде өткен көңілді тапқырлар сайысында екі мәрте жеңімпаз атанған болатын. Жалпы, жайдарман ойындарын өткізудегі мақсат – жас мамандардың шығармашылық қабілетін, талантын ашып, жаңа қырынан таныту.
КЕНЖЕХАН ЕСЕНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ \ауылдық округ әкімдіктеріндегі дербес бөлімдер, тереториялық мекемелерде жұмыс істейтін жас мемлекеттік қызметшілер бар соларды қатыстыра отырып, аудан әкімінің бір турлық кубогін өткізіп жатырмыз. Командалар жеңіске жеткен жағдайда бірінші орынға 150, екінші орынға 100 мың, үшінші орынға 70 мың тг қарастырылған. ..\
Жайдарманға алты команда қатысты. Олар бірінші сәлемдесу кезеңінде түрлі тақырыптарды қамтитын әзілдерді ойнап шықса, екінші бессайыста команда капитандарының шеберлігі сыналды.
Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша «Е-өтініш» командасы үшінші орынға ие болса, «Барбарис» құрамасы екінші, «Кент Style» бірінші орынды жеңіп алды. Ал, «Ауылдар» құрамасы көрермен көзайымы номинациясы болса, Өмірбек Төлеуов «Үздік ойыншы» атанды.