#qyzylordatv

IT салаға қызығатын жастардың қатары артып келеді. Облыс орталығында ІТ саланың маңыздылығын насихаттау мақсатында спорттық бағдарламалау олимпиадасы өтіп, оған 60-қа жуық команда қатысты.

 «СP Open Cup ІІІ – 2025» спорттық бағдарламалау олимпиадасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған шарада аудандардан және Түркістан облысынан келген 10-11 сынып оқушылары бақ сынады. Оларға байқауда 3 сағат ішінде 7 алгоритмдік есепті шешу тапсырмасы берілді.

 ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Олимпиаданың негізгі мақсаты – бағдарламалау бағытында жастардың тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру. Әр спорттық бағдарламалау арқылы ІТ саласында балалар жаңа дағдыларды игереді. Бір-бірімен бәсекелесу арқылы бір-бірінің мүмкіндіктерін көреді. Жалпы еліміз бойынша Президентіміздің тапсырмасымен Қазақстанда алдағы жылдары 100 мың ІТ саласының мамандарын даярлау жөнінде тапсырма берген болатын. Біздің еліміз осы ІТ индустрия саласын дамыту бойынша жалпы цифрлық бағыттарды дамыту бойынша әлемдегі 30 мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл, әрине, қуанышты. Дегенмен де бұл салада үздіктердің қатарына кіру үшін жастарды тәрбиелеу өте маңызды.

 Байқауға қатысушылардың бірі – Түркістан облысынан келген Ербол. Ол болашақта ІТ саланың білікті маманы болғысы келеді.

 ЕРБОЛ АБДУЛЛА – ҚАТЫСУШЫ

 Мен 125 Нigh school мектебінен келіп тұрмын. Түркістан қаласынан. 11-сынып оқушысымын. Бүгін топта екі адам болып келдік. Программалау тілінен, пайтн тілінен есептер шығарамыз. Осы Қорқыттан университеті грант бөліп жатыр екен. Соған қызығып келіп, жүлделі орын алып, ағайлардан кеңес алып, күніге дайындалып, ниетпен келіп тұрмыз енді.

Олимпиаданың бір ерекшелігі – жеңімпаздарды электронды жүйенің өзі анықтады. Яғни, қатысушылардың қанша есеп шығарғанын қатысушылар да, ұстаздар да экрнаннан көріп тұрды.

 ДИЛЯРА ЯР – ҚАТЫСУШЫ

 Бұл жарысқа курстар және мұғалімнің көмегімен дайындалдық. Және де программаларды құрастыру, және де басқа курстардың көмегімен пргорамма құрып үйрендік. ІТ немесе математика саласының мұғалімі болғым келеді.

 Олимпиадада бас жүлдені Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-Инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Ерұғылан Махмұд мен Марат Ибрахим иеленді. Оқуға алғыр, зерек шәкірттер есептерді шешуге 2,5 сағат уақыт арнаған.

 ЕРҰҒЫЛАН МАХМҰД – ҚАТЫСУШЫ

Бүгінгі байқау жақсы болды. Есептер өте күшті, маған ұнады, оңай болды былай.Өте қызықты және ұмытылмастай әсер алдық.

Бас жүлде иегерлеріне Қорқыт ата атындағы Қызылорда универсиетінің 2 білім гранты табысталды. Жеңімпаз командалар арнайы диплом, кубоктар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.