#qyzylordatv

Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті.

 Мәртебелі мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары жайлы айтылды. Қырғызстан елінің өкілі мәдениет және білім саласындағы жобалар туралы айтты. Кездесуде тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шығармашылық бағыттағы бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Ерлан Қарин мен Марат Иманқұлов, Ұлттық орталық музейге барды және Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясының әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен қойған «Жәмилә» мюзиклін тамашалады.

 ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ

Қазақ пен қырғыздың мәдени, рухани, әдеби байланысы тереңде жатыр. Шыңғыс Айтматов қырғыздың ғана емес, қазақ халқының да мақтанышы. Биыл Бішкек қаласында достықтың алтын көпірі ескерткішінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы, заңғар жазушының «Жәмила», «Ақ кеме», «Ана жер ана», «Боранды бекет» шығармалары қазақ әдебиетінің де қазынасына қосылған асыл мұралар, деп күмәнсіз айтуға болады, деп Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығын жоғары бағалады.))

 Шыңғыс Айтматовтай айтулы тұлғаны әлемге танымал еткен әйгілі "Жәмилә" – жазушының ең алғашқы, тырнақалды повесі. Мюзиклде табиғатынан өр мінезді Жәмиланының жан дүниесіндегі күйзеліс, сағыныш пен өкініш терең мағыналы әуезбен жеткізіледі. Заңғар жазушының 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық шығармашылық тур Алматыдан бастау алды.

 БОЛОТ ТЕНТИМЫШОВ, Т.САТЫЛҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, РЕЖИССЕР

 Музыканың керемет күші бар, поэзияның керемет күші бар. Біздің көздегеніміз жетті әлбетте, шығарманың деңгейі биік. Осы жолы қасиетті қазақ еліне келіп, тартылып жатырмыз.

  ТҰҢҒЫШБАЙ ӘЛ-ТАРАЗИ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ

 Адамзаттың Айтматовы болып кеткен кісі. Біздің Қазақстанда барлық өнер туындылары Айтматовтың туындыларымен сусындап келе жатыр. Ал мынау «Жәмиләсі» – Шыңғыс ағамыздың қан жүрегінен шыққан ең әдемі шығармаларының бірі. Соны Қазақстанға әкеліп, премьера жасап жатқаны – бұл біздің қазақ елін сыйлап, бір-бірімізге деген достығымыздың айғағы.))