#qyzylordatv

Бұған дейін білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болған Ғалия Дәулетова басқа қызметке ауысты. Кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында облыс әкімі Ғалия Ноғайқызын жаңа қызметімен құттықтап, құрмет көрсетті.

 Ғалия Дәулетова Абай атындағы Алматы мемлекеттік институтында «Тарих» мамандығы бойынша білім алған. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» магистрі. Еңбек жолын Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде бастаған Ғалия Ноғайқызы әр жылдары Үкімет аппаратында, Білім және ғылым министрлігінде түрлі лауазымды қызмет атқарды. Ал, 2019 жылдан бері Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметінде болды. Облыс әкімі оқу-ағарту жүйесінде бірыңғай мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асырып, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Ғалия Ноғайқызына алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ

Министр Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы келгеннен кейін сұрады Ғалия Ноғайқызы туралы. Жақсы пікірімізді білдірдік. Бірнеше қызметтер ұсынды. Соның ішінен өзіне қолайлы, жақсы қызметке бара жатыр. Біз сізге сәттілік тілейміз. Сіздің жанашыр екеніңізді әрдайым сезінеміз. Әр азамат өзінің туған жеріне жанашыр болу керек. Шынайы жұмыс жасаса біз үлкен жетістікке жетеміз. Атқарған қызметіңізге зор алғысымызды білдіре отырып, Сыр елінің әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесіңіз үшін Қызылорда облысының ең үлкен наградасы «Құрмет грамотасымен» марапаттауға рұқсат етіңіз\

 ҒАЛИЯ ДӘУЛЕТОВА

Өзіңізге және білім басқармасына ұсыныс енгізу арқылы біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін аудандардағы жеті кешкі мектепті, бірнеше бастауыш мектептерді мемлекеттік аттестация қорытындысымен жеке колледждермен жеке балабақшалардың жұмысы тоқтатым. Бұл қадам жергілікті бюджетті үнемдеуге және білім сапасын арттыруға өз септігім тиді деп ойлаймын. ..\