Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы оқу-жаттығу жиыны барысында Біріккен Араб Әмірлігінің жергілікті командасы «Аль-Иттифақпен» жолдастық матч өткізді.
Бастапқы минуттардан-ақ алаңға Нұрымжан Салайдин, Саламат Жұмабеков, Нияз Ыдырысов, Темірлан Мұрзағалиев, Сағи Совет, Әділет Кеңесбек, Айбол Әбікен, Никола Цуцкич, Димаш Серікұлы, Бақдәулет Конлимкос және Нұрдәулет Ағзамбаев шығып, ойын басталысымен шабуылға басымдық берді. Алайда, қызылордалық команда 2:1 есебімен сырт алаңда есе жіберді.
Енді «Қайсар» футбол клубы 19-шы қаңтарда Өзбекстанның «Динамо Самарқанд» клубымен ойнайды.
Айта кетейік, «Қайсардың» Аджман қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны 20 қаңтарға дейін жалғасады. Дәл осы жерде бапкерлер штабы жаңа маусымға команданың негізгі құрамын қалыптастыруды жоспарлап отыр.