#qyzylordatv
Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Олардың қатарында бір топ қызылордалықтар да бар.
Видео
Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін I дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Самұрат Имандосов,
«Парасат» орденімен еңбек ардагері Сәби Аңсат, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, еңбек ардагері Айтбай Көшербаев, облыстық мәслихат төрағасы, Мұрат Тілеуімбетов, Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев,
«Құрмет» орденімен «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Қайрат Жәлімбетов,
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Хабар» телеарнасының редакторы Мейірбек Сұлтанхан,
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы,
«Шапағат» медалімен «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Елена Пак марапатталды.