#qyzylordatv
Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты және бақылауда. Денсаулық сақтау министрлігі осындай мәлімдеме жасады.
Үндістаннан бастап таралған қауіпті вирусқа байланысты мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Эндемиялық елдерден келген азаматтарға ауру белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну ұсынылады.