#qyzylordatv

Ұлттық құрылтайдың отырысын өткізуде белсенділік танытқан журналистер мен қоғамдық даму саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Достық үйінде өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қоғамдағы орнын айрықша атап өтті.

Жиын барысында бір топ қаламгер, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі ұжымына аймақ басшысының алғыс хаты табысталды. Олардың қатарында «Qyzylorda» телеарнасының тілшілері, телеоператор, инженер және көлік жүргізуші қызметкерлері де бар. Мейрамбек Зинабдинұлы табанды тірлігімен танылып жүрген тілшілердің халықты жедел әрі нақты ақпаратпен қамтуға қосқан үлесі зор екенін жеткізді.