#qyzylordatv
Тұрғындар шағымы ескерілді. Былтыр мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтары бұзылған 735 қызылордалықтың талап-тілегі орынды деп танылып, келеңсіздіктер қалпына келтірілді. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментіне 91 шағым келіп түскен. Мамандардың айтуынша, қызмет көрсету барысында орын алатын бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары саласында орын алады екен. Мәселен, қала тұрғыны кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесінің эскиздік жобасын келісуден өткізу үшін жауапты сала мамандарының қызметіне жүгінген. Алайда, мамандар қызмет көрсетуден бас тартқан. Аталған шағым бойынша департамент қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде қызмет алушының өтініші бойынша бөлім тарапынан негізсіз бас тартылғандығы анықталды.
НҰРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
// Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижелерінің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы бөлімге енгізілген ұсынудың нәтижесінде қала тұрғынына аталған мемлекеттік қызмет бойынша оң шешім шығарылып, бұзылған құқығы толық қалпына келтірілді.//
Айта кетейік, 2022 жылдың шілде айынан бастап департамент тарапынан қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелеріне қашықтықтан бақылап отыру тәжірибесі енгізілген. Бұл қызмет көрсету барысында орын алған кемшіліктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
НҰРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
//Осының қорытындысымен сұрау салу арқылы 9 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ, ВАЖТ отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, қала және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне мұрау салу арқылы облыс көлемінде 703 тұрғынға жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай нөмірлері қайта беріліп, құқықтары қалпына келтірілді.//
Мұнан бөлек, департамент тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстары кезінде кейбір мемлекеттік қызмет алушылардың өтінішіне ешқандай жауап берілмегендігі де анықталған. Осыған сәйкес, кінәлі тұлғалар тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынулар енгізілді.