#qyzylordatv #заңментәртіп

Жаңақорған ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кеңейтілген мәжіліс өтті. Күн тәртібінде былтыр құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жоспарланған міндеттер талқыланды.

Мәжіліске аудан әкімі Мажит Самитов және аудан прокуроры, құқық қорғау органдары, білім саласының өкілдері, ауыл әкімдері мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында аудан әкімі қылмыс профилактикасының, әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызын атап өтіп, заң мен тәртіп – баршаға ортақ жауапкершілік екенін жеткізді. Жиында прокуратура, полиция және білім бөлімінің басшылары баяндама жасап, ардагерлер мен мәслихат депутаттары ұсыныстарын ортаға салды. Мәжілісті қорытындылаған аудан прокуроры жасөспірімдер қауіпсіздігін күшейту, алдын алу шараларын жүйелі жүргізу және кешенді іс-шараларды орындау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.