#qyzylordatv

Былтыр облыс орталығындағы 27 көшеге жол салынып, 3 көпір пайдалануға берілді.

 Қаладағы аттракциондар паркі қайта жаңартылып, Қорқыт ата атындағы саябақ абаттандырылды. Ал қаладағы көрікті орынның бірі – Тұңғыш Президент паркінің жаңа келбеті ерекше болғалы тұр. Мұндағы қайта жаңғырту жұмыстарын наурыз айында аяқтау жоспарланған. Тұрғын үйлерге ыстық су жүргізу жұмыстары да жыл ішінде атқарылатын маңызды шаруаның бірі.

 БЕРДІБЕК ШӨКЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Қаламызда ыстық су жүргізу бойынша өткен жылы 176 үйге 10,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекемелермен келісімшарт жасалды. «Асанас-Дар» ЖШС және «Бақ-Береке 2030» ЖШС. Бұл жұмыстар осы жылы да жалғасын тауып жатыр. Толық аяқталатын болады ағымдағы жылы.

Ойын және спорт алаңдары бойынша 2025 жылы қала аумағындағы 18 аула ішіне заманауи балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салу үшін 1,3 млрд.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда жұмыстардың 80 пайызы аяқталып, ағымдағы жылы нысан толығымен аяқталып пайдалануға берілетін болады халық игілігіне.