#qyzylordatv

Өңірімізде өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы елдің рухани және мәдени мұрасын сақтау мәселесіне ерекше тоқталды. «Төл тарихы мен мәдениетін электронды форматқа көшіріп, оны жаһандық цифрлық кеңістікке бейімдеген елдер ғана өз ұлттық болмысын сақтап қала алады. Бұл – қазіргі заманның нақты талабы,-деді. Ал облыстық тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігерлерді цифрландыру ісі қай деңгейде екенін тілшіміз Меруерт Әбсадықова біліп келді.

Ұлттық болмыс – сатылмайтын рухани байлағымыз. Ал қазіргідей жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтап қалу – сан мәселенің ішіндегі маңыздысы. Сондықтан Сыр төрінде өткен Құрылтайда Мемлекет басшысы «Ұлттық цифрлық мұра» жобасын жүзеге асыруды жандандырып, елдің бай мұрасын сақтау, жүйелеу және таныстыруға арналған бірыңғай ұлттық цифрлық платформасын құруды тапсырды.

 Облыстық тарихи-өлкетану музейінде экспонаттарды цифрландыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр екен. Бұл үрдіс музей қорын жүйелеуге және тарихи мұраны заманауи цифрлық форматта сақтауға бағытталған. Нәтижесінде өңірдің мәдени құндылықтары электронды база арқылы қолжетімді бола бастады, дейді мамандар. Ал музей қорын цифрландыру бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен экспонаттарға ғылыми сипаттама беріліп, деректер арнайы ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бұл жұмыс бүгінде «E-museum жаңа ұлттық платформасы арқылы атқарылуда.

 ПЕРИЗАТ АШАНОВА - ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ- ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

  Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Цифрлық даму бағдарламасына сәйкес 2022 жылдың қараша –желтоқсан айларының аралығында «АС-Музей» бағдарламасы мен жұмыс жасаған . Музей қорларындағы құнды жәдігерлердің барлығын бағдарлама аясына салып ,бірізділікке ,цифрландыруға жұмыс жасаған болатынбыз. Қазіргі таңда 2025 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан музейлерінің біріңғай ұлттық платформасы «E-museum» веб-порталы арқылы жұмыс жасауға көшіп жатырмыз. Жалпы Қызылорда өңірінде 530 экспонат,500 құнды жәдігер осы бағдарламаға енгізілді . Сонымен қатар, 3 D модельдерді жасауға ұлттық музейден мамандар келіп, құнды дүниелерімізді заманауи үлгіде 3 D модельдерін дауындауға жұмыс жасап ,бағдарламаға енгізіп жатырмыз .

 Қазіргі заманауи үлгіде жасақталған музей ғимаратында touch-панельдер ,түрлі экрандар , голограммалар жұмыс жасауда.

 Музей қорындағы экспонаттар мазмұны мен ерекшелігіне қарай жіктеліп, жаңа ғимаратта тақырыптық залдар бойынша орналастырылған. Бұл тәсіл жәдігерлердің сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, келушілерге өңірдің тарихи-мәдени мұрасын жүйелі түрде таныстыруға мүмкіндік беріп отыр.

  КЕНЖЕГҮЛ ИБРАГИМҚЫЗЫ - ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ

  Қызылорда тарихи облыстық өлкетану музей қорында қазіргі таңда 70мыңға жуық экспонат сақталуда,оның 40 мыңнан аса көмекші қорға жатқызылады . Екі қор жұмыс жасайды . Негізгі қор,көмекші қор. Бізге музейге түскен экспонаттар осы тұрмыста пайдаланған заттар, оның ішінде энографиялық зергерлік бұйымдар, қол-өнер шеберлерінің туындылары болуы мүмкін .

 Қазіргі таңда музей қоры 12 классификацияға бөлініп ,жаңа музей ғимаратында 3 залға бөлініп қойылған . Оның ішінде жүннен жасалған бұйымдар, киіздер,тақыр алашалар ,басқұр жатады .

  Цифрлық формат музей жұмысын жеделдетіп қана қоймай, тарихи құндылықтарды сақтау, зерттеу және көпшілікке ұсыну мүмкіндігін кеңейтуде. Соның нәтижесінде өңірдің мәдени мұрасы уақыт талабына сай жаңа мазмұнда ұсынылмақ.