#qyzylordatv
Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Құжаттың мазмұны мен мәтіні түзетіліп, 77 бапқа өзгеріс енді. Ата Заң 84 пайызға жаңарды. Жаңартылған нұсқадағы негізгі заң кіріспеден және 11 бөлім, 95 баптан тұрады. Тілі түсінікті, ұсыныстар ұғынықты. Ең маңызды тұстары Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ең жоғары құндылық – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Бұл халықтың дауысын ескеріп, әділдік пен жауапкершілікті арттыра түседі, дейді қызылордалықтар.
Айта кетейік, жаңа Конституция бойынша соңғы шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады. Ұсыныстарды қабылдау «e-Otinish» және «e-Gov» порталдары арқылы жалғасуда.