Аймақтағы құрылыс нысандарын өз көзімен көріп, сапасын бақылау – облыс әкімінің үзілмейтін үрдісті ісіне айналғаны қашан. Бұл жолы да Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан бой көтергелі жатқан бірқатар объектілерді аралап, мердігер компаниялармен жұмыс барысын талқылады.

Қызылордада халық игілігіне бағытталған қарекет тоқтаусыз іске асуда. Сырттағылардың «Қызылорда нон-стоп режимде құрылыс салуда» деп айтатынындай бар. «Жаңа объектілердің санынан жаңылатын жағдайға жеттік» деген әзіл-шыны аралас пікір және бар. Бүгінде облыс орталығының Президент паркі аумағында 48,5 млрд теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық пен сол жағалауда 14,78 млрд теңгеге 500 орындық емхананың құрылысы басталады. Жауапты өкілдердің айтуынша, бәрі заманауи, бәрі жаңа үлгіде болмақ.

Ал, 500 орындық емхана тұрғындарға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық санатта медициналық көмек көрсететін көпсалалы әмбебап орталық болмақ. Бұл нысан сол жағалауда бой көтермек.

Бұдан бөлек, Титов мөлтек ауданында 10 млрд теңгеге 400 орындық емхананың құрылысы басталады. Бұл енді көптен күткен емхана екені рас. Мұнда тұрғындар қандай қызмет ала алад дегенге келсек, балалар мен ересектерге арналған емдеу-профилактикалық бөлімшелер, күндізгі стационар, функционалдық диагностика, стоматология, әйелдер консультациясы, бейінді мамандар кабинеттері, клиникалық-диагностикалық зертхана орналасад дейді жауапты сала басшысы.

Жалпы, соңғы жылдары облыста басқа әлеуметтік нысандармен қатар жарыса жаңадан бой көтерген емдеу орындары айтарлықтай көп, бұл әрине, қуантады. Ендігі кезекте сол медициналық орталықтарды сапалы кадрлармен қамту басты міндет.

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА КІТАПХАНА МЕН ДРАМА ТЕАТР САЛЫНАДЫ

5-ші ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қызылордада ауқымды кітапхана мен драма театрдың құрылысы биыл басталад деген-ді, осы ретте сол нысандар ірге көтеретін құрылыс алаңы белгіленді. Заманауи, көпфункционалды кітапхана салуға инвестор есебінен 20 млрд теңге қаралған. Жоба бойынша ғимараттың аумағы 13 000 шаршы метр, 1 миллионнан астам кітап қорын сақтауға арналған.

Ал, драма театрдың жаңа ғимаратының салынуы – қазақ театр өнерінің қарашаңырағы саналатын аймақтағы тұрақты көрермен үшін үлкен сый. Жаңа ғимарат мәдениет пен өнер өкілдерінің сапалы дайындығына, түрлі ауқымды декорация құруға мүмкіндік береді және бұл театр ең сапалы деген техникамен жабдықталмақ. Қысқасы, Қызылорда мәдени-рухани орталық болатын дәреже-деңгейде