Облыс орталығында гандболдан жасөспірім қыздар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Тілші бейнематериалында толығырақ.

ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ

// Биыл дүбірлі додаға Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалалары мен Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан бас-аяғы 11 команда, 180-ге жуық спортшы қатысуда. Мамандардың пікірінше, командалардың барлығы жақсы дайындықпен келген. Жарыста 11 мен 18 жасқа дейінгі жас гандболшылар өнер көрсетуде.//

Алғаш болып алаңда Астана мен Қарағанды қаласынан келген бұрымдылар өнер көрсетті. Елордалық спортшылар ә дегеннен-ақ ойын тізгінін қолға алып, 29:5 есебімен жеңіске жетті.

Ал, өңір атынан сынға түсіп, намысын қорғау үшін «Қайсар-2» және Қазалы мен Жаңақорған ауданынан үш команда жасақталған. Олардың қатарында 15 жастағы спортшы Нұрдана Қырғызбай да бар. Ол былтыр командасымен бірге Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен Азия чемпионатында өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Бүгінде спорттың бұл түрімен шұғылданатындардың саны жеті мыңға жуықтайды. Ел чемпионаты оныншы ақпанға дейін жалғасады.